Ақтөбелік қонаққа келген әйелдің шотынан ақша аударып алған
Ақтөбелік қонаққа келген әйелдің шотынан ақша аударып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алға аудандық ПБ-ға 53 жастағы әйел хабарласып, белгісіз біреулер оның шотынан 30 мың теңге аударып алғанын айтқан. Ол бұл туралы мобильді қосымша арқылы коммуналдық төлемдерді төлеу кезінде білген.
Полиция қызметкерлері жәбірленушінің 22 жастағы танысының қонаққа келген уақытында ұялы телефонын қарау сылтауымен, мобильді қосымша арқылы өз шотына 30 мың теңге аударып алғанын анықтады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті бұл әрекетін мойындады.
Осындай арам адамдардың құрбанына айналмас үшін, Полиция департаменті ұялы телефондарды бөгде адамдарға бермеуді сұрайды.