Ақтөбелік қыз көпірден секірмек болды
Ақтөбелік патрульдік-күзет қызметкерлері көпірден секірмек болған қызды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 тамызда сағат 07:22-де Ақтөбе патрульдік-күзет қызметінің қызметкерлері 11 шағын аудандағы көпірден секірмек болған 22 жастағы қызды құтқарды.
Кезекті шақыртудан келген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Мақсат Махин мен Нұрбек Кенжеханов 11 шағын ауданы мен Құрмыш ауданы арасындағы көпірден еуропалық қыздың секірмек болғаны туралы хабарлама келіп түскен кезде, бірден көмекке жүгірді.
Оқиға орнына келген полицейлер көпір қоршауының жанында тұрған қызды көрді. Өзара әңгімелесу жүргізген олар қызды ұстап алып, көпірден алып түсті, содан кейін №2 қалалық полиция бөліміне жеткізді. Белгілі болғандай, қыз отбасылық жанжалдан соң, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.