Ақтөбелік спортшы дзюдодан ардагерлер арасындағы ұлттық чемпионатта күміс жүлдегер атанды
Ақтөбелік спортшы дзюдодан ардагерлер арасындағы ұлттық чемпионатта күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
8-10 тамыз аралығында Орал қаласында дзюдодан ардагерлер арасындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты өтті. Ақтөбе құрамасы облыс намысын абыроймен қорғап, жоғары дайындық деңгейін және жеңіске деген жігерін көрсетті.
Жарыста ішкі істер органдарының ардагері Самат Құрманов өз салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алып, ерекше көзге түсті. Сонымен бірге спортшы биылғы қараша айында Францияда өтетін Әлем чемпионатына қатысуға жолдама иеленді.
Айта кетейік, ақтөбелік дзюдо және самбо шеберлері соңғы жылдары ұлттық және халықаралық ареналарда тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.
Ақтөбелік спортшыларға мықты денсаулық, сарқылмас жігер және әлемдік аренада жаңа жарқын жеңістер тілейміз!