Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік тұрғын алаяққа алданып қалған

Алаяқтық қылмысының құрбаны болған тұрғын қалалық полиция бөліміне арызданған – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәбірленушінің педагогикалық қызметпен айналысатыны белгілі болды.

Ол интернет-қосымшалардың бірінен белгілі бір сомаға оқусыз сертификат беретін біліктілікті арттыру орталығының қызметі туралы хабарландыруды көрген. Шарттар жәбірленуші үшін қолайлы болып көрінген және ол осы қызмет үшін 240 мың теңге аударған. Қажетті құжатты ала алмаған жәбірленуші өзінің алданғанын түсініп, полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының 30 жастағы тұрғынын анықтады. Ол кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғын анықтап

Ақтөбе облысының полиция департаменті осындай қызмет түрлеріне жүгінуден бас тартуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру