Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік тұрғын көршісінің көлігін қысқы дөңгелексіз қалдырған

Ақтөбелік тұрғын көршісінің көлігін қысқы дөңгелексіз қалдырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қазан күндізгі уақытта Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінен осы үйдің 30 жастағы тұрғынына тиесілі автокөліктің төрт дөңгелегі ұрланған. Иесі жеңіл автокөлігінің қысқы дөңгелектерін 1-қабаттағы баспалдақ алаңына қалдырған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол сол үйде тұратын жәбірленушінің 54 жастағы көршісі болып шықты.

Ұрлық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады. Дөңгелектер иесіне қайтарылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру