Ақтөбелік тұрғынды алдап, 3 бас сиырын иемденіп кетті
Ақтөбе облысында жігіт 70 жастағы тұрғынды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қобда ауданының 29 жастағы тұрғыны Терісаққан ауылының 70 жастағы тұрғынын алдап кетті.
2020 жылдың наурыз айының ортасында Қобда ауылының 29 жастағы жергілікті тұрғыны сатылымға шығару сылтауымен Терісаққан ауылының 70 жастағы тұрғынына тиесілі үш бас сиырды иемденді. Шығын 290 мың теңгені құрады. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті ақтөбеліктерді алаяқтардың құрбаны болмау үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Өз мүлкіңізді немесе ақшаңызды бейтаныс адамдарға бере отырып, мұқият болыңыз. Сіз өз мүлкіңізге қатысты қауіпсіздік шараларын қолдануыңыз қажет.