Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік жүргізуші жарты жылда жол ережесін 3,5 млн теңгеге бұзған

Ақтөбелік жүргізуші жарты жылда жол ережесін 3,5 миллион теңгеге бұзған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

16 наурызда Ақтөбе қаласында патрульдік полиция қызметкерлері Қирпичный ауылы аумағында "Қорғау" жүйесі арқылы Toyota автокөлігінің жол ережелерін сақтамағанын анықтап, тоқтатты.
Тексеру барысында аталған автокөлік жүргізушісінің соңғы алты айда жол қозғалысы ережелерін 118 рет бұзғаны анықталды. Бұзушылықтардың барлығы жылдамдық режимін сақтамаған.

Жарты жыл ішінде жүргізушіге салынған айыппұл көлемі үш жарым миллионға жеткен.

Қомақты төленбеген айыппұлдары болғанымен, ақтөбелік жүргізуші өзіне тиісті қорытындылар жасамай, қасақана бұзушылықтарын жалғастыра берген.

Қазіргі таңда автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Полиция департаменті барлық автокөлік жүргізушілеріне, оның ішінде транзиттік нөмірлердегі автокөліктер иелеріне жасаған бұзушылықтары үшін жауапкершіліктен жалтара алмайтынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру