Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелікті қорқытып, млн теңгесін иемденіп алған күдікті қолға түсті

Ақтөбелікті қорқытып, млн теңгесін иемденіп алған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 маусым күні полиция бөліміне 32 жастағы жергілікті тұрғын бопсалау дерегі бойынша арызданды. Ер адамның айтуынша, бейтаныс жігіт күш көрсету арқылы оны қорқытып, бір млн теңге көлемінде ақшасын иемденген. Бірақ қаскүнем бұнымен тоқтамай, тағы да 1,5 млн ақша талап еткен.

Полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарымен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 450 мың теңгені беру кезінде бұрын сотталған 32 жастағы күдіктіні ұстады.

ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қамауға алу бұлтарпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру