Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеліктің 67 миллион теңгесін алған алаяқ ұсталды

Ақтөбеде полицияның бірнеше реттік ескертуіне қарамастан, алаяқтық фактілері орын алуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдау көрсеткендей, көп жағдайда алаяқтық әрекеттер жәбірленушілердің сеніміне кіру, оларды жаңылыстыру және мүлікті иемдену арқылы алдау жолымен жасалған.

Мысалы, облыстық полиция қызметкерлері 31 жастағы қарағандылық алаяқты ұстады. Ол “Ресей Федерациясынан асыл тұқымды ірі қара мал әкелемін” деп уәде беріп, жергілікті тұрғынды алдаған. 28 жастағы ақтөбеліктің сеніміне кіріп, ер адам 67 млн. 411 мың теңге көлеміндегі ірі соманы иемденген.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осындай алаяқтық фактілерін жасауға қатысы бар-жоғын анықтауда. ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мұндай мәлімдемелер полицияға күн сайын дерлік түседі. Қазіргі уақытта келіп түскен барлық өтініштер тіркеліп, олар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтардан қырағы болуды сұрайды.

Есіңізде болсын, анонимді төлем жүйелері арқылы бейтаныс адамдарға ақша аудару арқылы, егер мәміле жасалмаса, оларды қайтаруға кепілдік жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру