Ақтөбенің патрульдік полициясы 400-ден астам қылмысты ашты
Ақтөбенің патрульдік полициясы 480-нен астам қылмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күн сайын патрульдік полицияның 45 жасағы қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша кезекшілікке түседі. Негізгі бағыттар қаланың криминогендік аудандары және азаматтар көп жиналатын орындар болып табылады.
Патрульдік полиция – бұл 24/7 режимде халықпен тығыз жұмыс істейтін қызметтердің бірі. Жол қозғалысы қауіпсіздігінен басқа, патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді, халықтың сигналдарына жауап береді, оқиға орнына бірінші болып келеді, қылмыстардың «ізін суытпай» ашады.
Статистика көрсеткендей, жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 480-нен астам қылмысты ашқан.
Оның ішінде кісі өлтіру – төрт, қарақшылық – бес, тонау – 26, ұрлық – 73, бұзақылық – 48, зорлау – тоғыз және 119 есірткі қылмысы анықталды.
Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан жұмыстар жол қауіпсіздігіне оң әсерін тигізеді. Жыл басынан бері 44 мыңнан астам жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 608 қарсы қозғалыс жолағына шығу, 200 бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту фактілері, мас күйінде 642 жүргізуші және бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 207 жүргізуші анықталды.
«Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын іске асыру шеңберінде Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері кезекшілікке түсер алдында отырып, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және жедел шешім қабылдау туралы қоғамдық қауіпсіздікті қорғау жөнінде нұсқамаға қатысады.