Ақтөбенің учаскелік полиция инспекторлары 6 ай ішінде 500-ден астам қылмысты ашты
Ақтөбенің учаскелік полиция инспекторлары алты ай ішінде 500-ден астам қылмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы ПД учаскелік полиция инспекторлары тұрақты негізде бекітілген әкімшілік учаскелерде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізеді.
– Ағымдағы жылдың алты айында учаскелік полиция инспекторлары 523 қылмысты ашты (220 жеке мүлікті ұрлау, 15 тонау, 53 алаяқтық, 21 бұзақылық, 41 есірткі заттарын пайдалану және сақтау фактісі және т.б.), 17 553 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 786 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, учаскелік полиция инспекторлары ішімдік ішкені және қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін 4 643 адамды, тыныштықты бұзғаны үшін 2 240-тан астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп түсіндірді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ардана Саймағамбетов.
Тұрғындарды әкімшілік учаскедегі құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы ақпараттандыру, сондай-ақ азаматтардың облыс аумағындағы полиция қызметкерлеріне сенім деңгейін арттыру мақсатында жарты жыл ішінде санитарлық нормаларды сақтай отырып, учаскелік полиция инспекторларының халықпен 333 есеп беру кездесуі өткізілді.