Ақтоғай ауданынның полиция бөлімінде фронт-офис ашылды
Елбасы жолдауы және Ішкі істер органдарын жаңартудың Жол картасын іске асыру мақсатында бүгін Ақтоғай ауданының полиция бөлімінде «Азаматтарды қабылдау орны» ашылды. Ашылу салтанатын Ақтоғай ауданының әкімі Арынов Қаршыға Зәлмұханұлы ашты.
Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Қайыргелді Жакипов өз сөзінде осы «Азаматтарды қабылдау бөлмесінің» ашылуы халықтың полицияға деген сенімін едәуір арта түсетіндігін, сондай-ақ Ақтоғай ауданының тұрғындары ішкі істер органдарының құзіретіндегі қызығушылық тудыратын барлық мәселелер бойынша мамандардан кеңес пен түсініктемелер алуға мүмкіндіктері бар екендігін атап өтті. Жүгінген азаматтарға бөлімнің кәсіби білікті қызметкерлері сауатты кеңес пен түсініктемелер береді. Енді ауданымыздың кез-келген тұрғыны қысқа мерзімде полиция қызметінің барлық бағыттары бойынша толық кеңес ала алады. Азаматтарды қабылдау кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін жұмыс істейді.