Арал ауданының тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді
Қызылорда облысы Арал ауданы Қамыстыбас елдімекенінің тұрғыны Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың желтоқсан айының 20-нан 21-не қараған түні белгісіз біреу Арал ауданы Қамыстыбас елдімекенінің тұрғыны Айгуль Серекееваның тұрғын үйінің кіре беріс бөлмесінің терезесінен әйнегін алып тастау арқылы кіріп, асханасында жіпте жайылып тұрған жалпы құны 160 000 теңге тұратын, 100 келі түйе етін және ауласында орналасқан жаздық сарайының ішінде тұрған, жалпы құны 40 000 теңге тұратын, спорттық үлгідегі велосипедін ұрлап кеткен, ұрлық дерегі туралы жәбірленуші аумақтың учаскелік полиция инспекторына хабарлаған.
Қамыстыбас елдімекенінің учаскелік полиция инспекторы Алимжан Алдановтың және оның көмекшісі Қайыржан Мырзалиевтің жедел әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушінің үйіне ұрлыққа түскен күдікті анықталып, ұрланған заттар иесіне қайтарылды.
Ұрланған соғымы өзіне қайтарылған азаматша полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.