Арал ауданының тұрғыны жайылымнан түйе ұрлаған
Қызылорда облысында түйе ұрлаған қаскөй ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан Пірімов ауылының тұсында өрісте жайылып жүрген 1 бас түйесінің ұрланғандығы туралы шағым түсті. Мал иесіне 1 миллион 300 мың теңге көлемінде залал келтірілген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде Арал ауданының 51 жастағы тұрғынын анықтады.
Қазіргі таңда күдіктінің бұдан да басқа мал ұрлықтарына қатыстылығы тексерілуде.
Осы фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 1-бөлігіне (Мал ұрлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.