Аралас жекпе-жек әлемін бағындырған полицей
Полиция қызметкерлерінің арасында өзін тек қызметте ғана емес, басқа салаларда да көрсетіп, оң жетістіктерге жетіп жүргендер аз емес. Олардың бірі - ҚР ІІМ үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасының инспекторы Азамат Бақытов, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшысы ММА және грэпплингпен айналысады. Өзінің спорттық мансабында керемет нәтижелерге қол жеткізген:
- ММА бойынша Қазақстан чемпионы (2015)
- ММА бойынша Қазақстан Кубогының чемпионы (2017)
- ММА бойынша Азия чемпионатының жүлдегері (2016)
- Грэпплингтен Қазақстанның бес дүркін чемпионы
- Грэпплингтен екі дүркін Азия чемпионы
- Грэпплингтен әлем чемпионатының финалисі (2018-2019)
Сонымен қатар ол аралас жекпе-жекте кәсіби деңгейде тоғыз жеңіс пен бірде-бір жеңіліссіз сәтті өнер көрсетіп келеді. Одан бөлек, полицей Nomad Wrestling Гран-приінің бірінші маусымының жеңімпазы.