Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аралда есептегі сотталған мұқтаж жандарға көмек қолын созды

Арал аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар еріктілер қатарына қосылып, аудандағы көмекке зәру азаматтарға қол ұшын беріп келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жуырда аудан еріктілерінің қатарына қосылған пробация есебіндегі сотталған азамат кезекті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды, ол өз есебінен отбасылық жағдайы төмен, көмекке мұқтаж есептегі азаматқа азық-түлік жеткізіп берді.

Жақында аталған азамат аудан тұрғыны болып табылатын мүгедек жанның баспанасын жөндеуге атсалысып, көмек қолын соған еді.

    – «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, қамкөңіл жандарға қол ұшын созу – игі іс. Мен сияқты жаза басып, жаңылған азаматтар арасында көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар көп. Осы азаматтарға қолымнан келгенше көмек қолын созуға тырысамын, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру