Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аралда пробация есебіндегі 4 сотталған жұмысқа орналасты

Аралда пробация есебіндегі төрт сотталған жұмысқа орналасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арал аудандық пробация қызметі сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Пробация есебіндегі төрт сотталған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастырған «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесіне қатысып, тұрақты жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар, сала мамандары кәсіптік оқыту курстары, мемлекеттен қайтарымсыз грант алу, жеке кәсіп ашу бойынша жан-жақты кеңестер берді.

Сотталған төрт азаматтың екеуі балық өңдеумен айналысатын цехқа, ал тағы екеуі құрылысшы ретінде жұмысқа жолдама алды.

– Жаза басып, жаңылып, сүріндім. Ата-анам, отбасым қолдау көрсетуде. Пробация қызметкерлерінің көмегімен жұмысқа орналасып жатырмын. Отбасымды адал еңбегіммен асырып, балаларыма дұрыс тәрбие беремін, – деді есептегі азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру