“Архар — 2025” чемпионаты: СҚО полицейі екінші жыл қатарынан жеңіске жетті
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері Павлодар қаласында өткен "Архар — 2025" атты Қазақстан Республикасының ашық снайпинг чемпионатында үздік нәтиже көрсетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Мұндай жарыстарға күштік құрылым қызметкерлері дәстүрлі түрде қатысады.
"Тактикалық" санатында қатысушылар 11 жаттығу бойынша сайысқа түсті. Нысаналарға дейінгі қашықтық 100-ден 840 метрге дейін болды.
Жарыс қорытындысы бойынша полицияның аға лейтенанты Саят Ілюбаев бірінші орынды иеленді. Ол – республикалық деңгейдегі снайперлік жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Сондай-ақ полиция лейтенанты Ерхан Шайпин де жоғары нәтиже көрсетіп, үшінші орынды иеленді.
Sniping – шынайы жағдайларға барынша жақындатылған жоғары дәлдікке негізделген спорттық ату түрі.