Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Армениялық көлігін сол жаққа жабдықтаған павлодарлық көлікті қалай тіркегенін айтты

Павлодарлық жігіт Армениядан әкелген көлігін сол жаққа қайта жабдықтап, тіркеуден өткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 тамызда Павлодар қаласында бірінші автокөлік иесі Армения Республикасынан әкелінген, оң басқару құрылғысын сол жаққа қайта жабдықталған «Toyota Alphard» маркалы көлік құралын тіркеу есебіне қойды.

– Автокөлікті тіркеу үшін мен Қостанай қаласында сынақ орталығында («НаЦЭкС» ЖШС Қостанай филиалы) алған көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігін тексеру хаттамасын ұсындым, бірақ бұған дейін фара линзаларын, жел шыны тазалағышты және алдыңғы орындықтарды ауыстырдым, өйткені бұл зертхана талаптарының бірі болды. ППБКТС үшін 20 мың теңге көлемінде баж төледім, – деді көлік иесі.

Содан кейін ер адам Павлодар қаласының мамандандырылған ХҚКО-на жүгініп, автокөлікті тіркегені үшін ақы төлеп, Қазақстан Республикасының техникалық төлқұжаты мен мемлекеттік нөмірін алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру