Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Армян көлігін 178 ақтөбелік тіркеді

Армениядан әкелінген 178 автокөлік 1 маусымнан бастап Ақтөбе облысында тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусымнан бастап Үкімет қаулысына сәйкес елде ҚР азаматтарына тіркелген және Армениядан елге әкелінген және ҚР-ға 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген басқару құралы сол жақта орналасқан автокөлік құралдарын тіркеу басталды.

Көлік құралдарын тіркеу үшін иелері Армения Республикасының уәкілетті органында берілген жеке басын куәландыратын құжатты, мемлекеттік тіркеу және баж салығын төлеу туралы түбіртекті, көлікті тіркеу туралы куәлікті және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін ұсынуы қажет. Сондай-ақ құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылуы және нотариус куәландыруы тиіс.

Бұл ретте тіркеу Арменияда берілген техпаспортта көрсетілген автокөліктің меншік иесіне ғана жүргізіледі. Автокөлікті тіркеу құны 11946 теңгені құрайды, оның ішінде тіркеу үшін алым, техпаспорт және мемлекеттік нөмір үшін баж салығы кіреді. Тіркеу кезінде автокөлік иесінің нақты тұратын жері бойынша өңір коды бар сары түсті фонда мемлекеттік нөмір беріледі. Қазақстанда «оң жақтағы» автокөлікті тіркеу 2009 жылдан бастап тыйым салынған. Бұл Армениядан, сондайақ басқа елдерден әкелінетін автокөліктердің барлығына қатысты, – деді ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ерлан Алимагамбетов.

Армениядан әкелінген және Қазақстанда тіркелген автокөлік иелері үшін кәдеге жарату алымын төлеу қажеттілігі жоқ. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке іс жүзінде автокөлікпен құқық бұзушылық жасаған адам тартылатын болады.

Полицейлер тұрғындарды автокөліктерді сатып алу бойынша жасалатын мәмілелерді заңды түрде бекітуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру