Арнайы мектеп тәрбиеленушілеріне тәттілер мен жемістер тарту етілді
Қостанайлық полицейлер арнайы мектеп тәрбиеленушілерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысының ПД басшылығы Тәуелсіздік күні қарсаңында балаларға сыйлықтар табыстады.
Бұл білім беру мекемесінде 289 тәрбиеленуші бар. Олардың ішінде 239-ы мектеп жасындағы және 50-і мектеп жасына дейінгі балалар болып табылады.
– Арнайы мектеп тәрбиеленушілері үшін біз конкурстар мен түрлі іс – шаралар өткіземіз, сондай-ақ материалдық қолдау көрсетеміз, – деп атап өтті облыстық ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.
Арнайы мектеп басшысы Гүлшат Жұмабаеваның айтуынша, балалар полицейлер туралы жиі айтады және оларды әрдайым күтеді. Балалар өткен жылы Наурыз мерекесінде тәртіп сақшыларымен болған жағымды кездесуді жиі еске алады. Тәрбиеленушілердің көбі болашақта полицей болуды армандайды.
Бұл жолы полицейлер балаларға жемістер мен тәттілер ұсынды.
Арнайы мектептің басшылығы тәртіп сақшыларына алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі.