Арнайы полиция көлігі тұрғындарды карантиндік жағдайлар туралы ақпараттандыруда
Алматы Полициясы департаменті тұрғындар арасында дауыстап сөйлеу арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.
- Барлық қызметтік көліктер қаладағы карантиндік жағдайлар туралы хабарламаларды мерзімді түрде тарату үшін аудио файлдармен жабдықталған. СГУ көмегімен азаматтарға жеке қауіпсіздік және санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы, карантинді қатайту шарттары туралы және оның ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік бар екендігі жайлы ақпарат беріледі. Патрульдік нарядтар өздерінің әкімшілік учаскелерінде жұмыс жасайды, - деді Алматы қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Сатаров.