Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арнайы жабдықты арзан бағада алмақ болған алматылықтар алаяққа алданып қалды

Арнайы жабдықты арзан бағада алмақ болған алматылықтар алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Медеу аудандық Полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне 55 жастағы К. есімді азаматшаға қатысты қылмыстық іс тіркелді. 

– Арнайы жабдықты арзан бағаға сатып алғысы келетіндердің бар екенін біліп, пайдакүнемдік мақсатпен, алаяқтық жолмен ақшаларын тартып алуды көздеп, қылмыстық жоспар құрып, соған сәйкес халық арасында шарт жасау арқылы арнайы жабдықты беремін деп жалған ақпарат таратқан. Сонымен қатар, арнайы жабдықты бергені үшін алдын ала төлемнің 20 пайызын талап еткен. Шын мәнінде, әйелдің арнайы жабдықпен қамтамасыз етуге нақты мүмкіндігі болмады, ол осылайша әлеуетті тұтынушыларды әдейі адастырды. Ақшаны алғаннан кейін К. есімді азаматша жасырынып қалған, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Қазіргі уақытта К. есімді азаматшаның жалпы Алматы қаласы бойынша осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Осы адамның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтар Медеу аудандық ПБ-ға мына телефон нөмірлері арқылы: 8 (727) 254-48-02;  8-702-476-66-60 байланысқа шыға алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру