Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы полиция қызметінің мызғымас тірегіне айналған құрылым

Ішкі істер органдары жүйесінде қызметкерлердің физикалық және жауынгерлік даярлығын қамтамасыз етуде арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы маңызды рөл атқарады. Бұл басқарма – тәртіп пен төзімділік, кәсіби шеберлік пен шыңдалудың негізі қаланатын, полиция қызметінің мызғымас тірегіне айналған құрылым. Ол туралы Polisia.kz сайтынан оқыңыздар.

Басқарма қызметкерлері күнделікті жаттығулар мен дайындық шараларын жүйелі түрде жүргізіп қана қоймай, кешенді тактикалық жоспарлар әзірлейді. Қоян-қолтық ұрыс негіздері, топпен үйлесімді әрекет ету, шұғыл жағдайларға ден қою – бәрі де нақты өмірлік жағдайлардағы шынайы сценарийлерге негізделген. Әрбір жаттығу мен норматив – болашақтағы нақты қызметке дайындық.

– Физикалық дайындық – бұл полиция қызметінің ажырамас бөлігі. Қызметкер заңнаманы жетік біліп қана қоймай, қауіпті әрі төтенше жағдайда жылдам әрі тиімді әрекет ете алуы қажет. Осы себепті, төзімділікке арналған жаттығулар, күштік дайындық, атыс және тактикалық шеберлік – барлығы арнайы әдістемелер мен жеке бақылау арқылы тұрақты түрде өткізіледі, – дейді ведомство өкілдері.

Басқарма жауынгерлік дайындық, саптық байқаулар мен оқу-жаттығу жиындары, сондай-ақ штабтық және жедел-тактикалық жаттығуларға баса назар аударады. Мұның барлығы жеке құрамның жауынгерлік қабілетін арттырып, кәсіби деңгейін тұрақты ұстауға сеп болады.

Сонымен қатар бұл құрылым жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдармен үйлесімді әрекеттесу және төтенше жағдайлар кезінде, сондай-ақ аумақтық қорғаныс міндеттерін орындау барысында кез келген сын-қатерге әзірлікті көздейді.

Арнайы және жұмылдыру даярлығы – Ішкі істер министрлігі жүйесінің көзге көрінбейтін, бірақ өзекті, кәсібилік пен тәртіптің берік іргетасын қалыптастыратын маңызды саласы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру