Арқалық полицейлері ТЖ кезінде көмек көрсеткен ұйымдарға алғыс айтты
Арқалық қаласының полиция бөлімінде төтенше жағдай кезінде тәртіп сақшыларына көмек көрсеткен ұйымдардың еңбектері атап өтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған кезеңде Арқалық қаласының мешіті блок-бекеттерге азық-түлік жеткізсе, "Охотзоопром" өндірістік бірлестігі полицейлерді жүк көліктерімен қамтамасыз еткен еді.
Арқалық қаласының полиция бөлімі бастығы Нұрбол Сәден осы қиын уақытта қол ұшын созғандардың барлығына алғыс хаттарын табыс етті.
- Жеке құрам атынан полиция қызметкерлеріне көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен көрсеткен көмектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін, - деді Нұрбол Сәден.