Аршалыда екі тұрғын құс фабрикасынан 4 мың жұмыртқа ұрлап кетті
Аршалыда екі тұрғын құс фабрикасынан 4 мың жұмыртқа ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Ақмола полицейлері өндірістік кооператив аумағынан ұрлық жасаған күдіктілерді анықтап, ұстады. 21 тамызда Аршалы АПБ кезекші бөліміне кәсіпорын қызметкерінен арыз келіп түсті.
40 жастағы жергілікті тұрғын полицияға 21 тамызға қараған түні белгісіз біреулер терезені бұзу арқылы цех үй-жайынан 4 мың тауық жұмыртқасы мен жылу генераторын ұрлап кеткенін айтты. Шығын сомасы 300 мың теңгеден асты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Аршалы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілерді анықтап, ұстады.
Олар 33 және 35 жастағы осы ауылдың тұрғындары болып шықты. Ұрланған заттың бір бөлігін қаскүнемдер сатқан, жылу генераторы иесіне қайтарылды.
Аршалы аудандық ПБ тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.