Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыста полицейлер 30 жыл бойы қызыл төлқұжатпен жүрген ер адамды құжаттандырды

Арыста полицейлер 30 жыл бойы қызыл төлқұжатпен жүрген ер адамды құжаттандырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері өз қызметтері арқылы көмеккке мұқтаж халыққа барынша көмектесіп, алғыстарын алуда. Әсіресе ауыл-аймақтағы, шалғайдағы кейбір ауылдардың тұрғындары көбіне құжат алу жағына салғырттық танытады. Бірі отбасылық, енді бірі қаражат мәселесімен дер кезінде құжатын алмай, тиісінше мемлекеттен де көмек ала алмай күнелте береді. Ал құжатсыз жүрген тұрғындарға көмек көрсетуге әрқашан дайын көші-қон полицейлері мұндай тұрғындарды анықтап, тиісінше көмек көрсетуде.

Мәселен, Арыс аудандық полиция бөлімі көші-қон тобының полицейлері Арыс қаласының тұрғыны 1963 жылы туылған Рашид Аязовты құжаттандырды. Ол осы уақытқа дейін ауылда әртүрлі жұмыстарды жасап, құжат жасатуға бармаған.

Рашид Аязов жалғыз өзі ғана тұрады. Қолында тек 1974 жылғы қызыл төлқұжаты болған. Жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде анықталған ер адамды құжаттандыру үшін көші-қон полицейлері оны суретке түсіріп, қолтаңбасын алып, тиісті құжаттарды рәсімдеді. Нәтижесінде, ер азаматтың жеке басын растайтын жаңа құжаты дайын болып, табысталды.

– Отбасылық жағдайыма байланысты құжат алуды кейінге қалдырып жүргенмін. Осы орайда көмек берген полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз, – деді ер адам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру