Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыстық полицейлер көлігімен саябаққа кіріп кеткен жүргізушіні жауапқа тартты

Арыстық полицейлер көлігімен саябаққа кіріп кеткен жүргізушіні жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысының полицейлері Instagram парақшаларының бірінен жол қозғалысы ережесін бұзушының бейнежазбасын анықтады. Аталған жазбадан жас жігіттердің белгісіз көлікпен тұрғындар демалатын саябаққа қарай кіріп бара жатқан сәтінің үзіндісі ғана көрініп тұр. Яғни, қоғамдық тәртіпті бұзғанын байқауға болады.

Түркістан облысының полицейлері оқиғаның Арыс ауданында болғанын анықтады. Осы жайт бойынша Арыс АПБ-нің полицейлері тез арада әрекет етіп, Арыс қаласының тұрғыны ВАЗ 2107 көлігінің жүргізушісін ұстады.

Жас жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабын 2-бөлігі (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) және 612-баптың 2-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру