Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыстық полицейлер жалғызбасты ананың алғысын алды

Арыстық полицейлер жалғызбасты ананың алғысын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістандық тәртіп сақшыларын өзгелерден ерек етіп көрсететін асыл қасиеттерінің бірі – қайырымдылық. Полицейлер қиын да қауіпті жұмыстарынан уақыт тауып, арасында қаражаттарын жинақтап көпбалалы, аз қамтылған отбасылармен жетім-жесірлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдан келгенше қолдау білдіреді. Олардың жоғын түгендеуге сәл де болса, көмек көрсетеді. Бұл бағыттағы жұмыстар олардың назарынан тыс қалған емес.

Мысалы, Арыс АПБ-ның бастығы Нұрлан Исабековтің бастауымен, жеке құрамның қолдауымен кезекті игілікті іс атқарылды. Полицейлер тұрмысы төмен, жұбайы 2-3 ай алдын қайтыс болған, мүмкіндігі шектеулі баланы қарап отырған жалғызбасты ананың үйіне бірінші кезекте қажетті азық-түліктер апарып берді. Оған қоса, кішкене де болса қаржылай көмек көрсетті.

Өз кезегінде Арыс ауданының тұрғыны тәртіп сақшыларының ниетіне алғысын білдірді.

– Сіздерге Алла разы болсын! Маған, екі балама көмек қолын созып, күнделікті тұтынуға арналған азық-түліктер әкеліп бергендеріңізге. Жұмыстарыңыз алға бассын! Тек абырой биігінен көрініңіздер, – деп атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру