"Арзан бағада үй алып беремін": семейлік тұрғын танысының 4,5 млн теңгесін қалтаға басқан
"Арзан бағада үй алып беремін": семейлік тұрғын танысының 4,5 млн теңгесін қалтаға басқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласының 36 жастағы тұрғыны полицияға алаяқтық дерегі бойынша шағымданды. Оның айтуынша, 2024 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында танысы арзан бағада пәтер алып беремін деп сеніміне кіріп, 4,5 миллион теңгесін иемденген.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол өз кінәсін мойындағанымен, жәбірленушінің ақшасы қайтарылмады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қолхатпен бұлтартпау шарасы таңдалды.