Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арзан жолдама алып беремін деп алматылықтарды алдаған күдікті ұсталды

Арзан жолдама алып беремін деп алматылықтарды алдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Туристік пакеттер де жалған болуы мүмкін. Алматының 30 жастағы тұрғыны жоқ жолдамаларды сатқаны үшін ұсталды.

– 2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың тамызына дейін 1992 жылы туған К. есімді азамат кем дегенде 13 адамды алдап үлгерген. Қазір уақытқа дейін осыншама алданған азаматтар полицияға арызбен жүгінген. Туристік агенттікте біраз уақыт жұмыс істеген күдікті бұл кәсіптің қыр-сырын білетін. “Тапсырыс берушілер” алданғанын тек кетер күні немесе оның алдынғы күні ғана түсінді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта зардап шеккендерге келтірілген шығын көлемі 36 миллион теңгеге жуықтаған. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Бірақ алданған адамдардың одан да көп болуы мүмкін екендігіне тергеушілер сенімді. Сондықтан полиция қызметкерлері К. есімді азаматтың әрекетінен зардап шеккен адамдарды мына телефондар бойынша хабарласуын сұрайды: 298-52-82; 298-52-80.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру