Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жас мамандардың тұрғылықты мекен-жайын аралау жүзеге асуда

Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан-жас маман. Ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Ал, жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына тәрбие нұрын себуші – ана-анасының қолында.

Мекеменің кадр саясаты тобының қызметкерлері  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты  ЗК-169/5 мекемесінің жеке құрам қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын зерделеу мақсатында жоспар құрылып, жас мамандардың тұрғылықты мекен-жайын аралауды жүзеге асыруда.

Әдетте әйелдер қауымын нәзік санап, ер азаматтар атқаратын жұмыстар қатарынан көрсек, таңырқап жатамыз. Рас, тепсе темір үзетін жігіттермен  бірге жауапкершілік жүгін арқалау кез келген қыз келіншектің қолынан келмейді. Қазіргі уақытта, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты  ЗК-169/5 мекемесінде 8 әйел қызметкер және 10 жас маман қызмет атқаруда.

Сол әйел қызметкерлердің ішінде, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің медицина бөлімінің терапевт дәрігері Асилова Гүлмира Дүйсембекқызының отбасы мүшелерімен танысып, отбасылық жағдайларын анықтадық. Отбасында жолдасы  Болтаев Раушанбек Сәулебекұлы және екі қызы мен ата-енесімен бірге тұратын үлгілі келін.  ЗК-169/5 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтардың денсаулығын үнемі бақылап,  сотталғандардың денсаулығы үшін ерінбей еңбек етіп, өзіне де, еліне де зор пай­дасын тигізген ақ халатты абзал жан –  үлгі етуге әбден лайықты жан. Ма­мандығына жан дүниесімен бе­рілген білікті дәрігер үшін «ақ ха­латты абзал жан» деген елдің құр­метті атағы ең биік һәм қа­сиетті ұғым болып саналады.  Гүлмира кез келген әйелдің жұмыста жетістікке жетуін көп жағдайда жұбайымен байланыстырады. Жолдасы Раушанбектің қолдауын, қамқорлығын әркез сезінетіні көрініп тұрды.

Екінші кезекте, ЗК-169/5 мекемесінің кадр саясаты тобының жеке құрам бойынша аға инспектор психологы әділет капитаны А.Беркінбеков, кадр саясаты тобының қызметкерлері  әділет майоры Г.Алтынбек, әділет аға лейтенанты М.Ізбасар болып,  2020 жылдың 23 қаңтары күні ЗК-169/5 мекемесінің жедел бөлімнің жедел уәкілі әділет лейтенанты Шамшадин Мади Шамшадинұлының отбасы мүшелерімен танысып, құқық қорғау органда қызметінің ерекшеліктері жөнінде ата-анасымен сұхбат жүргізілді.

Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі. Бүгінгі жас маман – ертеңгі білікті қызметкердің орнын басатын, олардан үлгі алатын, жас мамандардың тәлімгеріне айналатын тұлға болуына мекеме ұжымының да ықпалы зор. Сондықтан, жас мамандарды тәрбиелеп, жақсы қызметкер болуына көмегімізді көрсетеміз. Ел тірегі жастар екенін естен шығармағанымыз абзал. Жас мамандарымыз көкте самғап ұшқан қыран құстай биіктен көрінсін!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру