Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аса ірі көлемде есірткі затын өткізбек болған 46 жастағы ақтөбелік ұсталды

Ақтөбе облысында  1 маусымынан 30 қазанына дейін құрамында есірткі бар өсімдіктер егістіктерін заңсыз өсірудің, жоюдың, есірткі транзиттерінің жолын кесуге, есірткіні таратуға мамандандырылған ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған «Қарасора» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Ақтөбе облысының ПД қызметкерлері «Қарасора» жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында алты есірткі бұзушылық фактісін анықтады, оның ішінде бір есірткі ошағын ұстау фактісі және екі есірткі затын аса ірі көлемде сақтау фактісі.

– Мысалы, жақында аса ірі көлемде есірткі затын бір келіден астам көлемде өткізбек болған кезде 46 жастағы ақтөбелік ұсталды. Одан әрі тұрғылықты жері бойынша вагоншада тексеру кезінде саяжай учаскесіндегі екі келіден астам есірткі заты табылды және тәркіленді. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат салмағы 3,5 келі болатын марихуана есірткі заты болып табылады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі құралдарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД басшысының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.


Сонымен қатар, есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру фактісі анықталды. Полиция қызметкерлері 50 жастағы ер адам саяжай учаскесінде заңсыз қарасора егіп, өсірумен айналысып отырғандығын анықтады. Саяжай учаскесінен 60 түп қарасора тәркіленді, сараптама тағайындалды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру