Аса ірі мөлшерде есірткі сатқан екі қызылордалық сотталды
Қызылорда қаласының екі тұрғыны аса ірі мөлшерде есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында сату мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған Қызылорда қаласының 2 тұрғыны құрықталды.
Жүргізілген іс-шараның нәтижесінде күдіктілердің мекенжайларынан жалпы салмағы 1,4 келі есірткі тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексерістің нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша жинақталған барлық құжатты, дәлелдер сотқа жолданып, соттың үкімімен аталған күдікті тұлғалар 11 жылға сотталды.