Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әскердегі сарбазға анасы тосын сый жасады

Ана жүрегі әрдайым баласын аңсап, сағынышпен күтеді. Осындай аналық махаббаттың жарқын көрінісі ретінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Оңғарсын Ақмуратовтың анасы Илья Сақтағанқызы баласын туған күнімен арнайы барып құттықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласынан ұзақ жол жүріп барған ана ұлын көрген сәтте көзіне жас алды. Туған күнінде анасының жанында болғаны сарбаз үшін үлкен сый болды.

– Баламның әскери борышын абыроймен өтеп жатқанына мақтанамын. Сағынышым қойныма сыймаса да, оның ел қорғау жолындағы қадамына қолдау білдіремін. Әрбір ата-ана үшін баласының амандығы мен елге адал қызмет етуі – ең бастысы, – деді анасы толқып.

Қатардағы сарбаз Оңғарсын Ақмуратов – 9 ай бойы Отан қорғау міндетін адал атқарып келе жатқан жауынгер. Ол маусым айында әскери қызметін аяқтап, туған жеріне, отбасына оралады.

Әскери өмір – әр азаматтың шыңдалу кезеңі. Ал ата-ана үшін сарбаз ұлының амандығын тілеп, оның азамат болып қалыптасуын бақылау – үлкен мақтаныш.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру