Астана бойынша ҚАЖД мекемесінде жасөспірімдерге "Заң мен тәртіп" қағидаты түсіндірілді
Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №3 мекемесінде "JauapBer" жобасы аясында мектеп оқушыларына "Заң және Тәртіп" қағидаты таныстырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада РММ №3 мекеме қызметкерлері Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназияның 11-сынып оқушылары үшін экскурсия өткізді. Іс-шара жасөспірімдер қылмысының алдын алуға арналған "JauapBer" әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды.
Мекеме өкілдері құқықтық тәртіп қағидаттары жайлы түсіндіріп, профилактикалық әңгіме жүргізді. Жасөспірімдерге заң бұзудың салдары мен әр азаматтың жауапкершілігі жайында айтылды.
- Жобаның басты мақсаты – жастарға кез келген құқық бұзушылықтың салдары болатынын ұғындыру. Біз олардың алдын ала дұрыс таңдау жасап, заңға бағынуын қалаймыз, – деді мекеме бастығының міндетін атқарушы Максат Баймулдинов.
"Заң және Тәртіп" қағидаты – құқықтық мемлекеттің негізі. Заңды сақтау, бірлік пен құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік әділетті қоғам құруға жол ашады.