Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана мектептерінде полицейлер балалар қауіпсіздігі бойынша дәрістер өткізді

1 қыркүйек – Білім күнінде Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері “Назар аударыңыз – балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында елорданың оқу орындарында дәрістер топтамасын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Эльдар Данияров №85 мектеп-лицейіне барып, оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Бұл мектепте батыр Ғазиз Байтасовтың құрметіне ашылған полиция сыныбы бар. Мұндай сыныптардың құрылуы өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта және жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге ықпал етеді. Полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері оқушылардың назарын жолдан қалай дұрыс өтуге және жолға жақын жерде аса сақ болуға аударды. Оқушылар жол қозғалысы ережелері бойынша білім деңгейлерін көрсетті.

Іс-шара соңында мектеп оқушыларына жол қауіпсіздігі тақырыбында түрлі-түсті кітаптар, комикстер мен буклеттер таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру