Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана ПД-ның "Жігер" фольклорлық ансамблінің құрылғанына 23 жыл толды

Астана қалалық ПД-ның "Жігер" фольклорлық ансамблінің құрылғанына 23 жыл толды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қалалық полиция департаментінің "Жігер" фольклорлық ансамблінің құрылғанына биыл 23 жыл. Ішкі істер органдары қызметкерлерінен құралған бұл фольклорлық ансамбль түрлі таланттардан жиналған.

Қатаң жұмыс кестесіне қарамастан, олар әрдайым дайындық жасап, жаңа шығармаларды үйренуге уақыт табады. Ал ансамбльге қатысқысы келетін талантты полицейлердің саны күн санап артып келеді. Қазақтың ұлттық аспабы - домбырадан бастап қобыз, шертер, сырнай секілді музыкалық аспаптардың құлағында ойнайтын полиция қызметкерлері өнер көрсетті. "Жігер" фольклорлық ансамблі Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінде "Адай", "Балбырауын", "Ерке сылқым", "Той бастар" туындыларын орындайды.

2004 жылы ансамбль Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің І Республикалық көркемөнерпаздар байқауының Гран-при иегері атанып, "Атамекен" байқауының лауреаты болды.
Сондай-ақ  2007 жылы ансамбльдің қатысушылары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Конституция күніне арналған Гала-концертіне белсенді қатысқаны үшін "Құрмет грамотасымен" де марапатталды.

Жыл сайын ансамбль жаңа құраммен қайта жаңғырып отырады. Уақыт шаңына көміліп
ұмыт қалған қазақтың көне аспаптарында ойнау тәсілдерін қайта өрбітіп, қалпына келтіру - жаңа көркемдік сатыға көтеріп қоймай, ұлттық мәдениетімізді байытатыны сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру