Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана ПД қызметкерлері Президенттік көпсайыстан жүлделі орындар алды

Астана ПД қызметкерлері Президенттік көпсайыстан жүлделі орындар алды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

 17–21 шілде аралығында Лисаков қаласында Президенттік көпсайыстан ірі көлемде республикалық жарыс өтті. Елдің 10 өңірінен келген 160 ең мықты спортшы жарыс алаңына шықты. Аптап ыстық, тығыз кесте, күрделі кезеңдер – әр күн қатысушылар үшін нағыз сынақ болды. Бұл жай ғана жарыс емес, бұл – мықтылыққа, төзімділікке, мінезге, ең қиын сәтте берілмеу қабілетіне арналған шынайы сын.

Полиция қызметкерлері үшін бұл жарыстар үлкен сынаққа айналды. Бірнеше күн ішінде олар қысқа қашықтықтағы жүгірістер, ұзаққа жүгіру, дәлдік пен техниканы қажет ететін секірулер мен күрделі күштік жаттығулардан өтті. Мұның бәрі тек физикалық төзімділікті ғана емес, жинақтылық пен ішкі берік рухты да талап етті.

Полиция қызметкері Ізбасар Мұсабеков жоғары деңгейдегі дайындық көрсетіп, барлық кезеңдерден сенімді өтіп, Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды.

Тәртір сақшысы Айхат Ибрашев та табандылық пен төзімділіктің үлгісін көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды. Оның жетістігі – командалық рухтың, бірліктің және қайсарлықтың айқын дәлелі.

Бұл жарыстар қатысушылар үшін үлкен сынақ болды. Мұнда кездейсоқ жеңістер болмайды — әрбір нәтиже қажырлы еңбек пен соңына дейін күресе білу қабілетінің жемісі. Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы тағы да дәлелдеді: физикалық күш, ерік-жігер және кәсіби шеберлік – бір-бірімен үйлесім табатын қасиеттер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру