Астана полицейлері 15 минуттың ішінде көлік ұрысын қолға түсірді
Астана полициясына ер адам көлігінің ұрланғаны жөнінде шағым түсірген. Тәртіп сақшылары 15 минут ішінде көлікті тауып, иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 ақпан күні Алматы аудандық полиция бөліміне Абылайхан көшесінде көлік ұрланғаны жайлы ақпарат келіп түсті. Volkswagen Passat көлігін тұрақта тұрған жерінен белгісіз біреу айдап кеткен. Жәбірленушінің сөзінше, ол темір тұлпардың кілтін көлік ішіне қалдырып кеткен. Көліктің иесіз, әрі кілтімен тұрғанын байқаған күдіктілер дереу әрекетке көшкен.
Көлік иесі сағат 22:30-да тұрақта көлігінің жоқ екенін біліп, дереу полицияға хабарласты. Ал кезекші бөлім жақын маңда жүрген жол полиция қызметкерлеріне нұсқаулық беріп, күдікті Кенесары көшесімен келе жатқанын баяндаған. Содан күдікті азаматты полиция қызметкерлері Байболат Мерей мен Ернат Бейсенбаев қаладағы камералардың көмегімен Кенесары мен Республика көшесінің қиылысында ұстады. Күдікті оқиға орнынан сытылып кетпек болды. Көлік салонында белгісіз үш адам отырды.
Ал ұрлық жасаған азамат бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Тергеп тексеру амалдары басталды.
Ұрланған көлік иесіне қайтарылды. Журналист Уатхан Біләл тыңғылықты әрі тиянақты, шұғыл іс әрекеті үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.