Астана полицейлері бірнеше телефон ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады
Астана полицейлері бірнеше телефон ұрлығына қатысы бар азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыарқа аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері телефон ұрлады деген күдікпен 19 жастағы Астана қаласының тұрғынын анықтады. Жас жігіттің елордада қоғамдық орындарда телефон ұрлаумен айналысқаны белгілі болған. Оның атына 7 ұрлық фактісі тіркелген.
Мәселен, Потанин көшесіндегі дүкенде отырып, үстел үстіндегі сатушыға тиесілі IPhone 12 телефонын ұрлап кеткен. Тағы бір жағдайда ол бір күнде кәмелетке толмағандардың екі iPhone 14 Pro max және Vivo телефондарын ұрлап үлгерген. Ойын алаңдарында жасөспірімдерді іздеп жүріп, қараусыз қалған заттарды байқап, ұрлық жасаған.
Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Оның ұрланған смартфондарды сатып жібергені де белгілі болды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Күдіктінің осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бары анықталды.
Полицейлер елорда тұрғындары мен қонақтарына үндеу тастап, қоғамдық орындарда гаджеттерді пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертіп, Заңсыз әрекеттер болған жағдайда дереу «102» арнасы бойынша полицияға хабарлау керектігін еске салады.