Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері бірқатар алаяқтық жасаған павлодарлық тұрғынды анықтады

Астаналық полицейлер бірқатар алаяқтық жасаған 20 жастағы жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңыр ауданының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жылжымайтын мүлік арқылы жасалған алаяқтыққа қатысы бар 20 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын анықтады

Осы жылдың ақпан айынан бастап бұл жас жігіт Крыша KZ сайтында жылжымайтын мүлікті жалға беру туралы жалған хабарландыруларды орналастыра бастаған. Ол пәтерді нарықтық бағадан төмен және интерьердің тартымды фотосуреттерін жарнамалап қойған. Оның алдауына көбінесе пәтерді тәулікке жалға алу үшін сырттан келген қала қонақтары болған.

Мәселен, Қызылорда тұрғыны полицияға хабарласып, пәтерді жалға алу үшін бейтаныс жігітке 100 мың теңге аударғанын айтқан. Қазіргі уақытта полицияға 11 азамат өтініш білдірді.

Аталған факті бойынша ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оған қоса басқа да жәбірленушілер анықталып жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды Қылмыстық кодекстің осы бабының санкциясы бойынша мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.

Полицейлер осы факт бойынша ұсталған тұлғаның құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан Астана қалалық ПД Байқоңыр ауданының полиция басқармасына, яғни Иманбаев көшесі, 16а мекенжайы бойынша хабарласуды немесе 8 (7172) 71-61-61 және «102» телефондары арқылы қоңырау шалуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру