Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері екі велосипед ұрлаған ер адамды анықтады

Астана полицейлері екі велосипед ұрлаған ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері велосипед ұрлауға қатысы бар ер адамды анықтады.

43 жастағы ер адам күндізгі уақытта мас күйінде керек жеріне жету үшін аулада тұрған Cannondale велосипедін ұрлағаны анықталды. Кейін қажетті мекенжайға жеткенде, ол екі дөңгелекті көлікті тастап, басқа велосипедті алып кеткен, осылайша жалпы сомасы 290 мың теңгеге материалдық шығын келтірген.

Ұрлық жасалған сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған велосипедтер иелеріне қайтарылды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды велосипед ұрлығының жиілеп кеткен жағдайлары туралы ескертеді және мүлікті қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру