Астана полицейлері футбол алаңынан жасөспірімнің телефонын ұрлап кеткен күдіктіні ұстады
Астана полицейлері футбол алаңынан жасөспірімнің телефонын ұрлап кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада полицияға қала тұрғыны арызданып, белгісіз біреу оның кәмелетке толмаған ұлының iPhone-13 Pro max телефонын ұрлап кеткенін айтып арызданған.
Кәмелетке толмаған бала футбол ойнап жүргенде 19 жастағы жігіт ұялы телефонды иемденіп үлгерген. Түскі уақытта футбол алаңының жанынан өтіп бара жатқан жас жігіт ойнап жүрген жігіттерді көреді. Маңайда ойнап жүрген балалардың ойынның қызығына кіріскен сәтін түсінген күдікті телефонды иемденіп кеткен.
Ол гаджетті бірден кездейсоқ өтіп бара жатқан адамға сатқан. Сарыарқа аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған күдіктіні анықтаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның тағы да осындай ұрлыққа қатысы бар екені белгілі болған.
Жасөспірімнің елордада бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеру үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды өз мүлкінің қауіпсіздігіне мұқият болуды және футбол алаңдары мен ойын алаңдарында бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.