Астана полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады
Астана полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында елордалық полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады.
Қылмыскерді іздестіру бастамашысы Өзбекстан Республикасы, Ферғана облысының ІІБ. 47 жастағы ер адам алаяқтық үшін іздеуде болған.
Қазіргі уақытта ол Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.