Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері спартакиадада жүлделі орындарға ие болды

Астана полицейлері спартакиадада жүлделі орындарға ие болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің XII Спартакиадасы аясында қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық чемпионат өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің барлық өңірінен келген тәртіп сақшылары қатысып, өзара мықтылықтарын сынады.

Астана қаласы полиция департаментінің спортшылары жарыста ерекше көзге түсіп, жекелей және командалық есепте жүлделі орындарға ие болды. 62 келі салмақта жедел қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Алмаз Зейнуллов, ал 70 келіде Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі, полиция аға сержанты Арай Мусина чемпион атанды.

Сондай-ақ 80 келі салмақта oқу-жаттығу ротасының қызметкері, полиция аға лейтенанты Мейрамбек Мұқанбетқалиев, ал 97 келіде Ерболат Берген күміс жүлдеге қол жеткізді.

Жекелей сында көрсеткен жоғары нәтижелерінің арқасында Астана қаласы полиция департаментінің құрама командасы жалпыкомандалық есепте қола жүлдені еншіледі.

Бұл дода полицейлердің кәсіби шеберлігін ғана емес, олардың ерік-жігері мен спорттық дайындығының жоғары деңгейін де айқындайды. Астаналық тәртіп сақшыларының бұл жетістігі олардың спорттағы әлеуетінің зор екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру