Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады

Астана полицейлері велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астаналық азамат полицияға велосипед ұрланғаны жөнінде арызданды. Ол велосипедті кіреберісте қалдырып, жұмысқа кеткен. Содан кешке жұмыстан қайтқанда велосипедтің ұрланғанын білген.

Байқоңыр ауданы ПБ полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен 51 жастағы азаматтың велосипедті жасырын ұрлап кеткенін анықтады. Дәл сол азамат басқа үйдің кіреберісінен тағы бір велосипед ұрлығын жасаған болып шықты. Келтірілген материалдық шығын 70 мың теңгені құрады.

Күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам Астана қаласы ПД УҰИ-ға қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру