Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полициясы жалған хабарлама таратқандарға жауапкершілік қарастырылатынын еске салды

Астана қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл күрес басқармасының қызметкерлері «Террорлық актілер туралы көрінеу немесе жалған хабарлау» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында мектеп басшылығы, оқушылары және ата-аналармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған кездесуде басқарманың аға жедел уәкілі Татиков Ренат жиналғандарға қаладағы қоғамдық орындарда, мектептерде террорлық актілер жайлы жалған ақпарат таратқан фактілерді мысалға келтіріп, оның тиісті жауапкершілікке әкеп соғатынын жеткізді. Сонымен қатар аталған мәселені алдын алу мақсатында келесі шараларды назарға алу керектігін атап өтті.

1) кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен, жастармен псевдотерроризмге және осы қылмыстарды жасағандарға зардаптарға байланысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

2) псевдотерроризм қылмысын жасағаны үшін жауапкершілік мәселелері бойынша кәмелетке толмағандар арасында олимпиадалық жарыстар мен сабақтар өткізу.

3) қоғамдық орындардағы монитор экрандарында жалған терроризмге қарсы бағытталған бейнероликтерді әзірлеу және көрсету.

4) тақырыптық телебағдарламалар жүргізу, жалған терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс істейтін полиция қызметкерлерін шақырып кездесу өткізу.

Айта кету керек, бұл бағытта құқық қорғау органдары қызметкерлері оқиғаны ерте анықтау, жалған анонимді хабарламаларды бұғаттау және шабуылдаушыларды әшкерелеу бойынша техникалық мүмкіндіктерін үнемі арттырып отырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру