Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полициясы жаңа танысын ұрып, телефонын тартып алған күдіктіні ұстады

Астана полициясы жаңа танысын ұрып, телефонын тартып алған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Анықталғандай, ер адамдар түнгі клубта танысқан. Бірге ішімдік ішкен. Содан бір уақытта араларында жанжал туындаған. Далаға шыққан кезде ер адам жәбірленушіні бірнеше рет ұрып, Орро телефонын тартып алған.

Полиция қызметкерлері “ізін суытпай” 30 жастағы ер адамды ұстады. Ол жасаған қылмысын мойындады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда ұсталған күдікті Астана қалалық ПД УҰИ-ға қамалды.

Астана полициясы өзіңізге заңсыз әрекеттер жасалса немесе куә болған жағдайда “102” арнасына хабарлау қажет екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру