Астана полициясына бір ай ішінде азаматтардан 40-қа жуық алғыс келіп түсті
Астана полициясына бір ай ішінде азаматтардан 40-қа жуық алғыс келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана тұрғындары “102” арнасына хабарласып, полиция қызметкерлеріне жеделдігі, кәсібилігі мен біліктілігі үшін күн сайын алғыс білдіреді. Тек осы айдың басынан бері азаматтардан 40-қа жуық алғыс келіп түскен.
Атап айтқанда, жүргізуші азаматша полицияға хабарласып, полиция қызметкерлеріне алғысын білдірген. Оның көлік жүргізіп келе жатқанда күтпеген жерден дөңгелегі жарылған. Сол сәтте бірден сол маңайда патрульдеу жұмыстарын жүргізген полицейлер дереу қажетті көмек көрсеткен. Сөйтіп көлік иесі патрульдік полиция қызметкерлеріне дер кезінде көмек көрсеткені үшін үлкен алғысын айтқан.
Тағы бір тұрғын көршілері суға батып бара жатқан егде әйелге тез жетіп, көмек көрсеткен тәртіп сақшыларына алғысын білдіреді.
Қала тұрғындары да дер кезінде жетіп, аулаға қоқыс тастап, өзге балаларды ренжіткен кәмелетке толмағандарға шара қолданатын ювеналды полиция инспекторына кәсіби біліктілігі үшін алғыстарын білдіргенін атап өтуге болады.
Оң пікірлердің ішінде әкімшілік округ тұрғындарымен үнемі байланыста болып, тыныштықты бұзу, ортақ мүлікке зиян келтіру және ұсақ бұзақылық фактілерінің барлығына жедел әрекет ететін учаскелік полиция инспекторлары көптігін айтуға болады.
Полицейлер өз кезегінде азаматтарға жоғары сенім мен жылы лебіздері үшін ризашылығын білдіреді.